«Серпін – 2050» жобасы аясында 8-11 сынып оқушылары үшін «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында кездесу өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 20 ақпан күні кәсіби бағдар беруші педагог Коканбаева А.К.,«Серпін – 2050» жобасы аясында 8-11 сынып оқушылары үшін «Мамандық таңдау – болашаққа нық қадам» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: мамандық таңдау – әр адамның ересек өмірін айқындайтын қадам, мамандық дұрыс таңдау, дұрыс бағыт - бағдар беру. Кездесу барысында бизнес – тренер мемлекеттік бағдарлама бойынша Малдыбай Айжанат өткен жылдан бастап, жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына зор мүмкіндік берері сөзсіз деп сөзін аяқтады.