11 «А» сынып білім алушыларымен «Болашақта сұранысқа ие мамандықтар» тақырыбында ақпарат берілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 11 қараша күні 11 «А» сынып білім алушыларымен «Болашақта сұранысқа ие мамандықтар» тақырыбында ақпарат берілді. Кәсіби бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., көпшілік жастар мен оқушыларды мазалайтын сұрақ.
Қазір сіз оқып жүрген мамандық алдағы он жылдықта сұранысқа ие болатынына кім кепіл? Бұл да, уақыт еншісіндегі мәселе.
Зауыт, фабрикаларда қара күш жұмсайтын жұмысшыларды енді ойлау қабілеті инновациялық, тың идеяларға толы адамдар алмастырады. Роботтар мен автоматтандырылған жүйе ауыр әрі қиын жұмысты өз мойнына алады. Кез келген мемлекетте жоғары білікті мамандар әрдайым сұранысқа ие. Заман талабына сай енді мемлекет, компания, жұмыс беруші ұйымдар мен корпорациялар көп салаланған емес, тар шеңберде маманданған қызметкерлерге мұқтаж. Себебі өз ісін кәсіби деңгейде бүге-шүгесіне дейін білетіндер, расында кемде-кем. Білім алушылардан түрлі сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.