«Кәсіп ашу – ұлт болашағы» тақырыбында Меркі ауылы, Граниторгорск ауылында орналасқан «Балық зауытына»экскурсия ұйымдастырылды.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп – гимназиясында 2024 жылдың 26 қараша күні 7 «Б», 7 «Г» білім алушыларын кәсіп түрлерімен таныстыру,кәсіпке баулу мақсатында «Кәсіп ашу – ұлт болашағы» тақырыбында Меркі ауылы, Граниторгорск ауылында орналасқан «Балық зауытына»экскурсия ұйымдастырылды. Іс шараға кәсіптік бағдар беруші педагог А.К. Коканбаева., 7 «Г» сынып жетекшісі Д.К. Жайдақбаева, «Жастар орталығы» маманы Малдыбай Айжанат экскурсияға барып, білім алушыларға қазіргі таңда кәсіп бастап, табыс тауып отырғанын айтты. Балық өсіру арқылы 12 жастағы балалардың өздері айына 500мың көлемінде табыс тауып отырғанын айтты. Кәсіп бастауға таңдауға лайық балық түрлері – тұқы (карп), бақтақ (форель), ақсерке (семга). Балықтың бұл түрлері жақсы өседі, сонымен қатар оларға деген сұраныс та үнемі жоғары. Балық шаруашылығын жүргізудің технологиясы таңдалған балықтардың түріне байланысты. Бұл бағалы балық түрлерінің өзіне тән ерекшеліктері, күн тәртібі мен күтімі бар.Бұл бизнесті бастау үшін темірден жасалған жұқа ыдыстар керек. Бұлай істеген арзанырақ болады. Арнайы дайын бассейндерді оларды жасайтын және сататын фирмалардан алуға болады. Белгілі бір органдардың рұқсатымен сулы алқаптың керекті аумағын қоршап алуыңызға да болады. Бұл балық өсіру мен суды ауыстырудағы шығыстарды қысқартады. Балық шаруашылығына бөлінетін субсидия арқасында кәсіпкерлер осы жылдың 8 айы ішінде 3 мың тоннадан аса балықты саудаға шығарды.