« Адам өміріндегі еңбектің рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында білім алушыларды мамандыққа баулу, мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында 2024 жылдың 25 қараша күні кәсіптік бағдар беруші педагогтың жоспарына сәйкес « Адам өміріндегі еңбектің рөлі» тақырыбында кездесу өткізілді. Іс шараға 6 «А», 10 «А», 8 «В» сынып білім алушылары, ДТІЖО Айтбаева А.К., кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К., қатысты. Кездесуге №9 Меркі коллежінде арнайы пән оқытушысы Мәркім Олжас Мәлікұлы және жеке кәсіпкер, жеке кәсіпкер (к/х) шаруа қожалығы Мырзахан Бекжан Сағынұлы қонаққа келді. Олар өз сөздерінде еңбек дегеніңіз – қозғалыс. Сондықтан жер бетіндегі тіршілік етіп жүрген адамның барлығын еңбек адамы деп айтса болатындай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында «Жұмысшы мамандықтар» дегенді айтты. Президент өз сөзінде «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман – ең сыйлы адам болуға тиіс деген болатын. Шын мәнінде табысы аз болса да сонымен күн көріп жүрген қаншама жан бар. Олардың да істеп жүргені еңбек. Тек бір адамдарда ми еңбегі, ой еңбегі басым болса, енді біреулері керісінше физикалық тұрғыдан көп қимылдап, күннің ыстығы мен суығына қарамай еңбек етіп жүреді.Иә, еңбек – қашан да қадірлі. «Адамды адам еткен – еңбек» деген қағиданы былай қойғанда, еңбексіз нәпақа, күнкөріс жоқ. Сондықтан қазірден жақсы оқып, мамандықты дұрыс таңдап, алға мақсат қоя білу керекпіз. Еңбек ету арқылы адам көп нәрсеге жетеді. Білім алушылар көптеген сұрақтар қойып, сұрақтарына Бекжан Сағынұлы жауап берді.Келген қонақтарға алдағы жұмыстарына толағай табыстар сәттілік тілеп шығарып салдық.