«Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында кездесу өткізілді.
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп – гимназиясында 2025 жылдың 29 қаңтар күні «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аға анықтаушысы а/қ қорғау аға лейтенанты Жармухамбет Нұрболат Ғалымжанұлы, Төтенше жағдайлар бөлімі аға инженері а/қ қорғау аға лейтенанты Әбдібай Айдын Алтынбекұлы, кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К, 11 «А», «Б» сынып білім алушылары қатысты. Іс шара барысында мамандықты қазірден таңдап, қызығушылығына қарай икемделу керек екенін айтып өтті. Әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Өрт сөндіру мамандығы Көкшетау қаласында дайындайды. Бұл мамандықты таңдау үшін ең алдымен физика – математика пәнін қазірден жақсы оқу керек деп айтып өтті. Білім алушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды, сұрақтарға нақты жауап ала алды. Сонымен қатар Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ”Мәлік Ғабдуллин атындағы АҚА” оқуға түсу бойынша, LED экран арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



