«Жүз жол – бірі сенікі» тақырыбында кездесу өткізілді.
2025 жылдың 4 ақпан күні кәсіби бағдардың жұмыс жоспарына сәйкес онкүндік аясында 9 «А», «Б» сынып білім алушыларымен ДБІЖО Әлмеш Н, кәсіптік бағдар беруші педагог Коканбаева А.К. «Жүз жол – бірі сенікі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: оқушыларға таңдаған мамандықтары туралы түсінік беру, қыр – сырларын меңгерту, оларды маман иелерімен таныстыра отырып
кәсіптік бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Іс шара барысында білім алушылардың мамандық таңдай алуына аз да болса үлес қосу. Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттердің әрқайсысы өмірден өз орнын адаспай тапса дейміз. Осы орайда өз мамандығын терең меңгеріп, үлгілі ісімен қоғамдағы орнын қалыптастырған жандардың басын құрап, ақыл-кеңес, ой-пікірлерін білгенді жөн көрдік. Кездесу кешінде «MERKI ADALDYQ ALANY" жобалық кеңсесінің жетекшісі Узбекбаев Нұрдәулет Серікұлы кездесу кешіне келіп білім алушылармен сұхбаттасты. Кеш барысында мамандықтар әлемі туралы көрсетілген бейнеролик пен слайдтар тақырып мазмұнын аша түсті. «Бос микрофон» айдарында бітіруші түлектер «ЖОО-на түсуге өз күшіңізге сенесіз бе?», «Болашақ мамандығыңыз жайлы кіммен ақылдастыңыз?», «Мамандық таңдауда жалақысына қарайсыз ба? әлде жүрек қалауына жүгінесіз бе?», тағы басқа көптеген сұрақ төңірегінде пікір білдірді.
