«Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар – бүгіні мен болашағы» айлық барысында «Менің мамандығым – өмірге жолдамам»
2025 жылдың 17 сәуір күні «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар – бүгіні мен болашағы» айлық барысында «Менің мамандығым – өмірге жолдамам» тақырыбында 9 «А» сынып білім алушыларымен дискуссиялық алаң өткізілді. Мақсаты: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыр. Әлемде көптеген түрлі мамандықтар бар, олардың әрқайсысы өте қажет және жауапты. Адам дәрігер мен мұғалімсіз, наубайшы мен жүргізушісіз, өмір сүре алмайды… Бірақ ең қауіпті және ауыр, менің ойымша, кенші мамандығы болып табылады. Кеншілер-бұл жер бетінде және оның көп метрлік қабаттарында қазба жұмыстарымен айналысатын адамдар болып табылады.
Мамандық таңдау деген — өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау.Бұл жұмыстың өте қиын екенін білемін, ол үлкен шыдамдылықты, ерік-жігерді, адалдықты, батылдықты және ең бастысы адамгершілікті қажет етеді. Кеншілер кейде төтенше жағдайларда жұмыс істейді, және оларға техника емес, өзара көмек, бірлесу қабілеті, көмекке келуге дайындығы көмектесетін жағдайлар да болады. Әдетте, кеншілер ең қиын жағдайлардан абыроймен шығады.


