«Алтын қазына»
Білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды дәріптеу, оқушылар шығармашылығының көркем және қолданбалы сәндік өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен аудандық «Алтын қазына» көрме-байқауға 5 номинация бойынша 1 жұмыстан (барлығы 5 жұмыс),тоқыма бұйымдарын: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасын дайындау. Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, қайың қатығынан жасалған бұйымдар, шыныны көркемдеп өңдеу: витраж жасау, металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу, саздан, тастан, сабан, шиден шағын формалардағы мүсіндер жасау. Жұмыстар көрсетілімі үшін толығымен дайындалып, ілгіштері, жиектері, тірегіштерімен келді. Жұмыстың көрме номинациясына сәйкестігі, жұмыстың орындалу сапасы және көркемдік деңгейі, ұлттық дәстүрлерді сақтау және қолдануы секілді өлшемдермен бағаланды. Осылайша байқаудың аты байқау. Салыстырмалы түрде алғанда біреу озып, біреу қалып жататыны заңды, Мектебіміздің 8 «Б» сынып оқушысы Тоқтарбаев Асхат «Темір» номинациясы бойынша және «Киіз» номинациясы бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Молдали Дина жүлделі ІІ орын иеленді.