10
март
2019
«Театрдың ғажайып әлемі»
Балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі тануға қалыптастыру, сахна өнері арқылы жеткіншектерді өзіндік мәдениет пен әдепке баулу мақсатында «Театрдың ғажайып әлемі» атты байқау болып өтті. Бұл байқауға 11-16 жастағы оқушылар, топ құрамында 7 білім алушы, 1 топ жетекші қойылымға қатысты. Байқауға мағынасы жағынан аяқталған спектакльдің үзіндісі, әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісі қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды.Байқау номинациялары «драмалық спектакль», «музыкалық спектакль, опера, оперетта, мюзикл, данс-спектакль , әдеби –музыкалық композиция, қуыршақ театры сияқты жанрлардан тұрды. Байқау жұмысына спектакль бағдарламасының болуы, оқиға желісі қызық та тартымды, баланың жасына мазмұнның түсінікті болуы, композициялық құрылым, таңдаған жанрға сәйкестігі, сюжеттің даму динамикасы, орындау шеберлігі,сахналық мәдениеті, киім көркемдігі, музыкамен көркемделуі, безендірілуі, сахналатын көрініс мазмұнына сай болу талаптары қойылған болатын.Қазылар алқасы сайланып, байқауға қатысушылардың қойылымды сахналау шеберлігі, таңдап алынған шығарманың тәрбиелік мазмұны, мағынасы, сахнада өзін-өзі ұстауы, сахна мәдениеті,киім үлгісін бағалады. Заманауи ертегілердің озық үлгісін № 1 ЖББМ орыс халқының ертегісі «Бауырсақтың» бимен қойылған мюзикл көрсетті. Бауырсақ рөлінде 4 сынып оқушысы Қазбек Нұрдина сахнаға кәдімгідей төселіп қалғанын көрсетсе, Қуаныш Мейірлан, Молдали Дина, Мүслім Нұғман, Валихан Қуаныш, Қуанышбай Олжас, Қазбекова Елдана сияқты осы мектептің ең дарынды, ең талантты болашақта әртістік, актёрлық мамандықты таңдаса дайын шәкірттер екенін көрсете білді. Жетекшісі, № 1 ЖББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнур Күмісбекқызы, өзі музыкамен көркемдеп, бағдарламасын дайындады. Нәтижесінде жүлделі І орынға ие болды.