«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Ізден, талаптан, оқырман» «Әдеби джем ойыны» туралы хабарлама
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Ізден, талаптан, оқырман» «Әдеби джем ойыны» туралы хабарлама
Өткізілген күні: 10 .11.2021 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 8 «А» сыныбы
Мақсаты: өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем шығармаларды оқуды насихаттау, кітапханаға келуші оқырман санын ұлғайту.
Білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы, рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу – тәрбие құралы бұл теңеулердің барлығы бір ғана құндылыққа, яғни кітапқа ғана айтылған тіркестер. Осы орайда, мектеп – гимназиясының кітапханасында кітапхана оқырмандарын рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, оқушылар арасында кітап оқуды тиімді насихаттау, «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Ізден, талаптан, оқырман» «Әдеби джем» ойыны 8 «А» және «Б» сыныптары арасында ұйымдастырылды.
Өткізілген іс – шарада бірінші «Сөз маржанын терейік!» мақал – мәтел жарысын жүргіздік, екінші кезеңі «Ізден, талаптан оқырман» атты бөлімінде «Әдеби джем» ойыны ойнатылды.
«Әрбір оқушы оқуға тиіс «100 кітап» жобасына енген кітаптардан, қазақ прозасы мен поэзиясының әйгілі тұлғаларының шығармаларынан Ш.Мұртаза «Ай мен Айша», Ш.Айтматов «Қызыл алма», М.Мақатаев «Жүрек сыры», «Үш бақытым», С.Сейфуллин «Аққудың айырылуы», т.б. кітаптағы басты кейіпкерлер мен оқиға орнымен байланысты парақтарды көшірмеден өткізіп, шағын үзінділер немесе өлең шумақтарынан қиып алынған қағаздарды банкілерге салып, банкінің аузы байланып оқушыларға ұсынылды. Қатысушылар кітаптың немесе шығарманың атын табуға мүмкіндік жасадық. Білім алушылар әртүрлі түспен байланған банкілерден оқығандарын еске түсіріп табуға тырысты. 8 сынып оқушылары арасында өткен «Әдеби джем» ойыны өте қызықты болып оқушылардың ой – өрісін кеңейтуге, ізденуге талпынысын ашты. Қатысқан оқушылар: Шеңгелбай Айым. Жандосқызы Жанелім, Валихан Қуаныш, Төремұрат Нұрдаулет, Тоқторбаев Асхат, Бахыт Меруерт, Браун Айым, Ерсайын Нұрмұхамет, Жорабай Әдемі, Махат Аяулым өздері сүйіп оқыған кітаптарын бір – біріне оқуға кеңес беріп, көркем шығармалармен алмасты.
Суретте іс – шарадан көрініс: