«Кітап оқу сәнді» әдеби дилижанс ойыны туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Кітап оқу сәнді» әдеби дилижанс ойыны туралы хабарлама
Өткізілген күні: 04.02.2022 ж.
Өткізілген орны: кітапхана
Қатысқандар: 4 сыныптар, ата-аналар
Мақсаты: білім алушылар мен ата – аналарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, бірлесе кітап оқуға құмарлығын, рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру.
«Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында мектеп кітапханасында «Кітап оқу сәнді» әдеби дилижанс ойыны «Мектептегі бір күн» атты ата – аналар үшін ашық есік күніне орай 4 «В», «Г», «Д» сыныптар арасында өткізілді. Дилижанс дегеніміз – қала аралық адамдар таситын транспорт түрі. Әдеби дилижанс арқылы жалпы топтық 5 бекеттен тұратын ертегілер еліне саяхат байқауы ұйымдастырылды. Әдеби дилижанс байқауы 5 бекеттен тұрды: Таныстыру, топтың эмблемасы, девизі және 1 станция: «Сказочная разминка», 2 станция: «Сказочная пара», 3 станция: «Герои сказки», 4 станция: «Детективное агентство», 5 станция: «Литературное табло». Әрбір кезеңде барлық ата – аналар мен оқушылар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызықты өтуіне белсене атсалысты. Нәтижесінде 1 орын – 4 «Г» сыныбы «Знатоки» тобы, Гусейнова Айсу – анасы Салтанат, Джафарова Мариям – әкесі Исмаил, 2 орын – 4 «В» сыныбы «Знатоки-2» тобы, Мырзаханов Нариман - анасы Айгерим, Гаджиева Ругая - анасы Айсель, 4 «Д» сыныбы «Книгоносики» тобы, Наимова Айлин – анасы Наталья, Халафова Элиф – анасы Мехрибан қатысып жүлделі 3 орын иеленді. Іс – шараға белсене қатысқан ата – аналар мен білім алушыларға алғысымызды білдіріп, жүлделі орындарымен құттықтап, әр отбасы дипломмен және әдеби – ертегі кітаптармен марапатталды.
Суретте іс – шарадан көрініс: