«Үш тұғырлы тіл» атты кітап көрмесі туралы мәлімет
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
«Үш тұғырлы тіл» атты кітап көрмесі туралы мәлімет
Мерзімі: 15.11.2021 жыл
Өткізілген орны: Кітапхана
Қатысқандар: 2 - 8 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің болашағы – бәсекеге қабілетті, білімді шәкірттер екенін ұғындыру, Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс екенін, елімізге, тілімізге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Дәйек сөз: «Бүгінгі таңда әр адам экономика мен қоғамның дамуына сай үш тілді меңгеріп, қазақ тілінде, орыс тілінде, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге тиісті...»
Н.Назарбаев
Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттың табысты болуы табиғи байлықпен емес адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. ХХІ ғасырдың талаптарына дайындаудың басты мәселесінің бірі «Үш тілде білім беру» екенін атап айтты. Осы мақала аясында кітапханада «Үш тұғырлы тіл» атты көрме ұйымдастырылып, кітапханашы М.Кожайбаева көрмеге қойылған кітаптармен оқырмандарды таныстырып, қысқаша шолу жасалды. Үш тілді білу бүгінгі заманның талабы. Оқушылар 1 сыныптан бастап қазақ тілімен қоса ағылшын және орыс тілдерін меңгеріп жатқандары туралы айтып өтті.
Тіл – ұлттың қазығы, айнымас серігі. Бала ананың сүтімен, әкенің қанымен өз ұлтының тілін, дәстүрін бойына сіңіріп өмірге келеді. Өз тілін жақсы білген азамат өзге де тілді тез меңгере алатыны сөзсіз.
Суретте іс-шарадан көрініс: