«Қызым, саған айтам..» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы КММ
«Қызым, саған айтам..» атты кітапханалық көрме туралы хабарлама
Мерзімі: 10.10.2022 ж
Қатысқандар: барлық топ
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.
«Қыз тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы» атты республикалық апталыққа орай мектеп кітапханасында «Қызым, саған айтам..» атты кітапхалық бұрыш ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Мауленкулова қыз бала тәрбиесіне байланысты ұйымдастырылған, көрмеге қойылған кітаптар жайында болашақ ұрпақтың өз қатарынан озарыда қыз бен қыз тәрбиесіне байланысты екені туралы әңгімеледі. Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады.
Қыз – өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана. «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай қыз балалар жағымды қасиеттерді меңгерсе, арамызда ару да әсем, сұлу да көрікті, әдемі де ажарлы қыздар көп болса біздің өміріміз мәнді, қызықты да шуақты болар еді. М.Кожайбаева «Әке асқар тау» демекші өзінен кіші бала болсада жолын кесіп өтпеуі, ер адамның алдында өзін – өзі ұстау мәдениеті туралы айтып өтті. Қазақ халқы «Қыздың жолы жіңішке» деп, қыздың жаза баспауын қатаң қадағалап отырған. Т.Пернебек бойжеткен қыздардың абыройы оның ақыл – парасатына, инабаттылығына, іске бейімділігіне, өнерпаздығына, білімдарлығына, сезім дүниесі жайлы ой – өрісінің тереңдігіне байланысты екенін «Саналы ата – ана тәрбиесі» атты кітаптан оқып берді. Ал, апасының өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайтынын, әсіресе қыз анасына қарап көп тәлім – тәрбие алатынын Браун Айым айтып өтті.
Анасын ардақтай білмеген қыз, өз абыройында сақтай білмейді. Қазақта «Қызды қырық үйден тыю» деген сөз бекер айтылмаған. Біздің ата-бабамыз келешек ұрпағының тазалығын қыздың тәрбиесіне бастаған» деп қыз тәрбиесіне байланысты қыздармен қызықты әңгіме жүргізілді.
Суретте іс-шарадан көрініс:



