«Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевқа 100 жыл» танымдық сабақ туралы мәлімет » №1 жалпы орта білім беретін мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
Меркі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-07-25
Директор:
+7(775) 872-99-69
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевқа 100 жыл» танымдық сабақ туралы мәлімет
02
октябрь
2025

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевқа 100 жыл» танымдық сабақ туралы мәлімет

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 

Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп - гимназиясы (ресурстық орталығы) КММ

 «Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевқа 100 жыл» танымдық сабақ туралы мәлімет

Мерзімі: 02.10.2025ж.

Қатысқандар: 5 сыныптар- 18 оқушы

Өткізілген орны: кітапхана

"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы Б. Соқпақбаев туралы  5 сынып оқушыларына

Жазып та көрдім мен де өлең,

Жазып та көрдім, қара сөз.

Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,

Өлмейді тек дана сөз, деп жазған Б. Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда дүниеге келді. Туған өлкесі – Алматы облысының Нарынқол ауданының Қостөбе ауылы. Балалар әдебиетін алып бәйтерек десек, оған нәр беріп, құнарландырып тұратын күретамыр Б. Соқпақбаев деуге негіз бар. "Балалық шаққа саяхат", "Менің атым Қожа", "Өлгендер қайтып келмейді" шығармалары – жазушының шоқтығы биік туындылары. Бұл шығармаларда жазушы өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді. "Балалық шаққа саяхат" повесінде жазушы анасының ұзақ ауырып қайтыс болғанын, емшектегі інісі Тұрдыбек тоқтаусыз жылап қалғанын жазған. Жұпыны үй ішінде бір үзім нанға зәру күн кешкенін бейнелеген.

Б.Соқпақбаев өлеңнен прозаға ауысты, сол екі қасиет біріге келе сценарий жазатын болған. Қазақ кино өнерінің алтын қорына енген "Менің атым Қожа" фильмінің сценарийін жазды. 1963 жылы экранға шыққан бұл туынды қазақ кино өнерінің бойтұмарына айналды. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында редактор болып жұмыс істеді.

Суретте іс-шарадан көрініс:

 

 С.Мауленкулова, 

М.Кожайбаева


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив