Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі тексеру қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның (бракераждық) тексеру қорытындысы
2021 жылдың 27 желтоқсан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның асхана, ас блогының санитарлық-гигиеналық, жалпы жағдайын бақылау мақсатында тексеру жүргізді. Тексеру барысында Мектеп медбикесінің Ж.Атикова жүргізетін бракераждық журналдары уақытында толтырған. Тексеру барысында асхана іші жарық, еден, терезе алды, үстел үсті сүртілген, терезе ашылып, желдетіліп, тазалық сақталған. Таза асханалық ыдыстарды шкафтарде немесе торларларда сақтайды. Тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы нормаға сай, бөгде, артық зат анықталмады. Өнімдердің (азық-түліктің) сапасына және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларының сақталуы нормаға сай, дегенмен ас блогындағы пештің бір көзі істен шыққаны анықталды, Дайын тағамда ас мәзірінде көрсетілген әрбір оқушыға 150-200 г. м мөлшерінде дайын ас: құс еті бұқтырмасы, балық котлеті, құс етімен үй кеспесі, қызылша салаты, қайнатылған қарақұмық, тәтті сүзбелі нан, қара бидай наны сары маймен асханадағы арнайы өлшейтін таразы арқылы өлшенді, нормаға сәйкес шықты, бірақ қайнатылған қарақұмық мөлшері нормадан артық 30 г. салынанғаны анықталды. Бөшкелерге, диспенсерге құйылған су сапа көрсеткіштері бойынша қайнатылған су 3 сағат сайын ауыстыру туралы уақыты мерзімі көрсетілмеген, «Таза» және «лас» ыдыстарға арналған орын бар.
Дегенмен төмендегідей кемшіліктер анықталды:
- Асханада ауыз су режиміне қойылатын талап сақталмаған. Қайнаған су дың ауыстырылу уақыты көрсетілмеген;
- Дайын тағамның мөлшері белгіленген мөлшерден 30 г. тым көп екені анықталды;
- Ас блогындағы пештің бір көзі істен шыққаны анықталды;
Ұсыныс:
1. Мектеп асханасында қайнаған судың ауыстырылу уақыты жазылып, ауыстыру күнделікті тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы, әлеуметтік педагог тарапынан, қадағалансын.
2. Дайын тағамның мөлшері белгіленген мөлшерде өлшеп беру туралы аспазшылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
3. Ас блогындағы пештің іске қосуын қадағалау ДШІЖО Е.Ермекбаевқа міндеттелсін.
4. Анықталған кемшіліктерді жоюға 5 жұмыс күнін ұсынылсын.