ҚР Білім және ғылым министрі 2021 жылғы 24 мамырдағы № 231 бұйрығына толықтырулар,зақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен Бекітілген
Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрі
2021 жылғы 24 мамырдағы№ 231 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы
№ 598 бұйрығыменБекітілген
3-параграф. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету
103. Тамақтануды ұйымдастыру кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тамақтанудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етіледі.
104. Асхананың және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты оқу процесі аяқталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.
105. Білім беруді басқару органдары және орта білім беру ұйымдары интернет-ресурста "Мектептік тамақтандыру" айдарын құрады, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі ақпаратты (перспективалық, тағамдардың фотосуреті бар күн сайынғы мәзір, жұмыс жоспары, тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссиялардың, ведомствоаралық сараптамалық топтардың актілері) "Мектептік тамақтандыру" айдарында, сондай-ақ білім беру органдары мен ұйымдары пайдаланатын басқа да электрондық білім беру ресурстары мен жүйелерінде жүйелі орналастыруды қамтамасыз етеді.
106. Орта білім беру ұйымының басшысы білім беруді басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын тамақтардың алдағы күнге шығуын көрсете отырып, ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.
107. Қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.
108. Ата-аналар төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылардың мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы кезінде мектеп асханасында сатып алынатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде төмендету көзделеді.
109. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі өкілдерінің, білім беру ұйымының медициналық пунктінің медицина қызметкерінің қатысуымен тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады. Комиссияның төрағасы орта білім беру ұйымының басшысы болып табылады.
110. Комиссияның міндеттеріне келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, отандық тауар өндірушілердің тамақ өнімдеріне CT-KZ сертификаттарының болуына, дайындалған тағамдардың сапасына, технологиялық жабдықтардың болуына және жарамдылығына, азық-түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуына, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзіріне сәйкестігіне, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізу кіреді.
111. Комиссия жұмысының қорытындылары ай сайын кейіннен оларды білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастыру үшін ақпарат түрінде ресімделеді.
112. Білім беруді басқару органдары жанында жұмыс істейтін тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топтар тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторинг жүргізеді және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайды.
113. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның функциялары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды немесе заңды тұлғаларды тарту арқылы да жүзеге асырылады. Осы шешім қабылданған жағдайда білім беру ұйымы, қызметті жеткізуші жоғарыда көрсетілген функцияларды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға рұқсат береді.