23
ноябрь
2022
"Дұрыс тамақтану-денсалық кепілі» ойын-сабақ

Адам ағзасына, денінің сау болуына ең алдымен дұрыс тамақтану оң әсерін береді. Сонымен қатар дәрумендерге бай тағамдарды күнделікті пайдаланып отыру қажет. Осы орайда 5 "А" сыныбының білім алушылары "Ұшқын" жастар орталығында "Дұрыс тамақтану-денсалық кепілі» ойын-сабағына қатысты. Сабақ барысында мамандар жемістер мен көкөністердегі дәрумендер туралы түсінік беріп, оның адам ағзасына тигізер пайдасы туралы ақпараттармен бөлісті. Білім алушылар денсаулықты сақтап, салауатты өмір сүру үшін дәрумендердің пайдасы туралы жан-жақты ақпараттарға қанық болды. Қай көкөністер мен жемістердің құрамында дәрумендердің молдығын, қандай дәруменнің бар екендігін оның адам денесінің әсіресе қай мүшесіне пайдасы мол екенін ұғына алды. Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін күнделікті ас мәзірінде ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай дәрумендер болуы қажет екенін білді, рөлдік ойындар ойнады, "дұрыс тамақтану " станцияларына саяхат жасады.
Сабақ барысында педагог денсаулыққа көп көңіл бөлу керектігін, рухани тәрбиенің орны бөлек екендігін түсіндірді. Алайда денсаулыққа тікелей әсер ететін-дұрыс тамақтануға, дәріге емес дәруменге үйір болу қажет екендігін анықтап айтты. Білім алушылар өздеріне өте пайдалы, қажетті ақпараттарға қанық болды.