06
сентябрь
2023
🥘🍛"Дұрыс тамақтану -денсаулық кепілі"
🥘🍛Дені сау баланы өсіру үшін оның толық тәрбиесі мен дамуына жағдай жасау керек. Білім алушылардың денсаулық жағдайын, оның физикалық және ақыл- ой дамуын анықтайтын негізгі факторлардың бірі – дұрыс тамақтануын ұйымдастыру. Мектепте дұрыс тамақтануды ұйымдастыру- білім алушылардың білім мен дағдыларды қабылдаудың бастауы. Мектеп-гимназиямызда білім алушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі білім алушылардың тәртібін қадағалайды.