«Дәмдінің бәрі пайдалы ма?»
«Дәмдінің бәрі пайдалы ма?»
Өткізілген мерзімі:16.09.2025ж
Қамтылғандар саны:228
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында білім алушылардың бойында жауапкершілік, адалдық, денсаулық құндылықтарын дарыту, дұрыс тамақтану ережелерін сактауға шақыру мақсатында Асанбай Аскаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясында "Дәмдінің бәрі пайдалы ма?" тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті.Пайдалы тағам – ағзаға күш беретін, иммунитетті көтеретін, табиғи өнім. Ал дәмді тағам – тілге жағымды, бірақ әрқашан пайдалы бола бермейді.Ең дұрысы – дәмді әрі пайдалы тамақ жеуді үйрену.Кейбір тағамдар өте дәмді болғанымен, құрамында денсаулыққа зиян заттар (артық қант, тұз, май, бояғыштар, консерванттар) көп болады. Мысалы:
- Чипсы, газды сусындар, фастфуд – дәмді, бірақ ағзаға зиян.
- Көкөніс, жеміс, табиғи тағамдар – пайдалы, бірақ кейде балаларға онша дәмді болып көрінбейді. "Дәрумендер жәрмеңкесі", "Қандай тағам?, "Пайдалы, зиянды" ойындарына үйренді. 4"В", 5"Г" сынып білім алушылары "Дұрыс тамақтану формуласымен" таныстырса, 7 сыныптар "Балық пен ет құрамы", 8 сыныптар "Сүт және сүт өнімдері", 9 сынып білім алушылары "Нан және ұннан жасалатын өнімдер", 10 сынып білім алушылары "Көкөністер мен жемістер" туралы қысқаша қызықты ақпараттармен бөлісті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбековна дұрыс тамақтанудың пайдасын және онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.