Синтетикалық есірткі нашақорлықтың алдын алу
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 25-і күні білім алушыларға заманауи синтетикалық есірткілерді қолданудың проблемалары мен салдарын түсіндіру бойынша Меркі АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ полиция лейтенанты Арна Маңызқызымен «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың рухани адамгершілігін қалыптастыру, мәдени дамуын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бәсекеге қабілеттігін дамыту, психикалық саулығын нығайту, есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық түрлері бойынша белгіленген жауаптылықты түсіндіру болып табылады. Кездесу барысында қатысушыларға қазіргі таңда синтетикалық есірткіні насихаттау және заңсыз жарнамалау белең алып баратындығы, графикалық сурет арқылы және де өзге жолдармен нашақорлық пен есірткіні заңсыз жарнамалау, пайдалану заңмен жазаланатынын еске салып өтті. Есіртікіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесудің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды ұсыныстар айтылып, пікір алмасу жүргізілді. Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар ұдайы түрде жалғасатын болады.