"Жыныстық тәрбие" кездесу, әңгімелесу
Өткізілетін орны: конференц зал
Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары
Жауапты: мектеп психологтары Е.Олжабай, М.Нурмуханбтова
Мақсаты: Қыз баланы тәрбиелеу, құрметтеу, ізет білдіру туралы жалпы кеңес беру. Қыз балаларға жеке гигеналық тазалық, осы өмірдегі болашақ ана ретіндегі міндеттері туралы, сонымен қатар, қыз балалрға қандай қылықтардың ересі екені туралы түсінік беру.
Кездесу барысында мектеп психологтары қыздарға жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» кеңестер берді. Мектеп медбикесі Ж.Атикова Болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер. Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын ұлтжанды жас ұрпақты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.
Қорытынды: Қыздар кездесуге үлкен қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты, сұрақтар қойып, қажетті жауаптар алды. Кері байланыс жасалды.