26
январь
2024
"Бүгінгі қыз - ертеңгі ана" кездесу
Қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, жасөспірім қыздарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Бүгінгі қыз - ертеңгі ана" тақырыбында Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылдық округі амбулаториясының дәрігері Перизат Оразтаевна, акушерка Дукенбаева Гулнар,
психологтар Рысбай Жадра Қыдырбайқызы, Сатынбаева Дина мамандарымен кездесу өткізілді. Іс-шара қонақтары қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүретіндігі, көптеген отбасында ашық әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалатындығы - дұрыс еместігін, жеке гигиена туралы айтса, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнур Кумисбекқызы жеке гигиена, қыздар тәрбиесі туралы айтып өтті,
Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты. Қыздар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, еркін, ашық әңгіме, кеңес жүргізілді.