03
декабрь
2024
«Медитация» «Медитация жаттығулары мен релаксация» ұстаздармен
20224 жылдың 3 желтоқсан күні мектеп психологы Е.Олжабай ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында «Медитация»
«Медитация жаттығулары менрелаксация» тақырыбында жұмыс жүргізді. Ұстаздарға медитация жаттығулары мен релаксация тығыз байланысты екендігі туралы айтып өтті. Релаксация – бұл дене мен ақылдың кернеуден босаңсуы, ал медитация – осы релаксацияны жетілдірудің әдістерінің бірі. Медитацияда дене мен ақылдың босаңсуы арқылы тыныштық пен шоғырлануға қол жеткізілетіндігі туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. "Бүгінгі көңіл-күйлеріңіз қандай?" жаттығуы, "Көңілді қимылдар" жаттығуы жүргізілді.