14
январь
2025
«Жеткіншектердің жеке-дара өсуін дамыту” тренинг-сабағы
2025 жылдың қаңтар айының 14 күні мектеп психологтары 8- сынып білім алушыларымен жеткіншек жастағылардың жекелік өсуіне жағдай жасау, өзін-өзі тануға ұмтылыс, өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оны бағдарлауды қалыптастыруға жағдай жасау. Қатысушылардың сезімімен эмоция туралы білімін кеңейту, өз сезімі мен эмоционалдық реакциясын білдіругебасқара білуге үйрету, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, тыңдай білуге, өз көзқарасынбілдіре алуға, өзге адамдарды түсіндіруге, ымыршылдыққа келуге қалыптастыру, өмірлік мақсаты, оларға жетудің жолы мен тәсілдерін, келешек өмірі туралы ойлануға қабілеттендіру мақсатында «Жеткіншектердің жеке-дара өсуін дамыту” тақырыбында тренинг-сабағын өткізді. Барысында "Кездесу мен ұқсастық” жаттығуы, “Жазу машинасы” жаттығуы, “Ергежейлілер мен алыптар”жаттығулары жүргізілді.