"Отбасы күні"
Асанбай Асқаров атындағы орта білім беретін мектеп – гимназиясы ресурстық орталығында кеңес беру айлығы барысында ата-аналармен жүргізілген жұмыстың хаттамасы
Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
Психологиялық кеңес беру айлығы
2024-2025 оқу жылында Кеңес беру айлығы барысында 2025 жылдың 27 ақпан күні «Отбасы күні» бағытында мектеп ата-аналарына “Ата - ананың алақаны-балаға саялы бақ”тақырыбында мектеп псиологтары тренинг өткізді. Жұмыс барысында «Киіз үй» тренингі, «Ән мен бой сергіту» жаттығуы, «Мен үшін қымбат» жаттығуы жүргізілді. Ата-аналар белсене қатысып, көңіл-күйлері көтерілді.