12
май
2025
"Достығымыз жарасқан"
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп-гимназиясы ресурстық орталығында 2025 жылдың 12 мамыр күні Оқушылардың достық ұғымы туралы түсініктерін кеңейту; Достарымен қарым-қатынасын нығайту, сенімділікті арттыру; Бір-бірін тыңдай білу және қолдау көрсету қабілетін дамыту мақсатында 9- сынып білім алушыларымен «Достығымыз жарасқан» тақырыбында тренинг жүргізілді. Жұмыс барысында : «Дос қандай болуы керек?» Қатысушылар флипчартқа немесе тақтаға достыққа қажетті қасиеттерді жазып шығады. «Көңіл күй сағаты»
Топтарға түрлі көңіл күйдегі адамның бейнесі беріледі (мысалы, ренжіген, қуанышты, жалғыз).
Тапсырма: «Мұндай досқа не айтуға болады? Қалай көмектесер едің?»
Топтар жауаптарын ортада бөліседі.