08
декабрь
2018
«Кітап-менің досым»
5 «А» сыныбында сынып жетекші Гүлфария Маукебаева «Кітап-менің досым» атты тәрбие сабағын өткізгенде оқушылардың топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық орнату үшін оларға не көмектесетінін және оқу үдерісінде олардың қандай нәтижеге жете алатынын ескере отырып, сабақта топтық жұмыс ұйымдастырылды. Кітаптардың атауы бойынша 3 топқа бөлінді. «Сен білесің бе?» айдары бойынша сөзжұмбақ шешті. «Әдебиет әлемінде» бөлімінде әр топ мүшелері талапқа сай кітап туралы өлеңдерін оқыды, «Кейіпкер әлемі» бөлімінде әр топқа берілген кітаптан үзіндіні сомдады. «Кітап-біздің досымыз» тақырыбында сатылымға шығатын өнім атауын жазып, өнімнің артықшылығын көрсетіп, тұтынушының қызығушылығын өнім сапасына аударып, мекен-жайы, байланыс телефондарын жазып кітаптқа жарнама жасады. «Ақылды микрофон» әдісі бойынша сабаққа рефлексия жүргізді. Нәтижесінде тәрбие сағатында оқушылар кітап оқи отырып ондағы әлемге саяхаттап, таным-түсінігін арттыратынын, адам тануды, адамшылыққа үйрететіндігі туралы, ақылыңа ақыл қосар кітаптың руханиятыңды гүлдендіріп, көкірегіңе нұр шашатынын түсінді.