Кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз
Кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз.
Француз философы Дени Дедро: «Кітап оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» деген
екен. Технология атаулы қанша дамып
жатыр десек те, қай заманда болмасын кітаптың орыны биік тұрары сөзсіз. Алайда,
қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан қалып бара жатқанымыз
өтірік емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере
бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын «кітап
сыйлау» немесе «кітап алмастыру» «Буккроссинг». әлеуметтік желіге байланған жастардың кітап
оқуға деген талпынысын ояту мақсатында наурыз-сәуір айларында мектеп кітапханашылары С.Мауленкулова ,
Ф.Умбеталиеваның ұйымдастыруымен жоғарғы
деңгейде өтті. Кішкентай
оқырмандар акцияға құр алақан келмей, әр шәкірт өз атынан түрлі кітаптарды
мектеп кітапханасына сыйға тартты.