06
февраль
2022
"Кітап оқу сәнді" әдеби дилижанс
"Оқуға құштар мектеп жобасы" аясында және мектептің тәрбие жоспарының рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша білім алушылар мен ата-аналарға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, бірлесе кітап оқуға құмарлығын, рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру мақсатында мектеп кітапханасында білім алушылар және ата-аналардан құралған топтар арасында "Кітап оқу сәнді" әдеби дилижанс ойыны өткізілді. Жалпы топтық байқау 5 бекеттен тұрды: Таныстыру, "Әдеби ширату", "Ертегілер кейіпкерлері", "Шығармалар сөйлейді", "Детективтік кеңсе", "Әдеби тақта".Әрбір кезеңде барлық топтар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызу өтуіне атсалысты. Нәтижесінде: 1 орын - 4 "Г" сыныбы "Знатоки" тобы, 2 орын -4 "В" сыныбы "Знатоки -2" тобы, 3 орын - 4 "Д" сыныбы "Книгоносики" тобы иеленіп, дипломмен және ідеби-ертегі кітаптармен марапатталды.
Теги:
123