07
апрель
2021
«Сау болу-сәнді!» атты спорттық іс-шаралар,
№1 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында тәрбие жоспарына сай, "7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне" орай оқушылардың спортқа деген ынталары мен қызығушылықтарын арттыру, өз денсаулықтарына мұқият қарауға, жат әдеттен жиреніп, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында «Сау болу-сәнді!» атты спорттық іс-шаралар, эстафеталар, массалық физкультшынықтырулар өткізілді.Мектеп медбикелері ұстаздардың қан қысымын өлшеп, денсаулықтарына көңіл бөлді.Денсаулық - кез келген адам үшін басты құндылық.Спорт- денсаулық кепілі. Спортпен айналысайық, денсаулығымызды нығайтайық, бақытты болашақты бәріміз бірге құрайық!