24
февраль
2022
"Жомарт Түлек" акциясы
"Жомарт Түлек" акциясы
"Жомарт Түлек" акциясы аясында
туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тұмаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту мақсатында №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2003 жылғы түлегі - Тасыбаев Жанібек Батырханұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында келген түлегіміз, қазіргі таңда мал дәрігері қызметін атқаратынын, бұл мамандықты таңдауда мектептің де үлесі бар екенін және мамандық жануарлардың ауруларын емдеу, әртүрлі аурудың алдын алу үшін екпе салып, қажет болғанда ота жасау, малдан алынған ет, сүт, т.б. өнімдерге бақылау жүргізіп, осы өнімдердің жарамды-жарамсызын айыру қызметін атқаратынын айтып, мектептегі ұмытылмас қызық сәттерін, ұстаздарын еске алды. "Жұмбақ ұстаз", "Қай пән мұғалімі?" атты ойындар ойнатылып, білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі болған, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурланкулова Жазира Солтанайқызы өз ризашылықтарын білдіріп, тәрбиелік, тағылымы мол іс-шараға ризашылықтарын білдірді. Мектеп түлегі мектеп кітапханасына балалар кітаптарын сыйлады

Теги:
123