09
июнь
2018
Әдістемелік жұмыс
Мектеп АКТ залында 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты іс-шара өтті. Сахна мерекеге сай безендірілді.Ұстаздар мен 11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты әдеби сазды кешпен жалғасты. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Іс-шараға жас ұлан ұйымының мүшелері белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. «Балдәурен» бишілер тобы дайындаған ән, би өнерлерімен, 10 сынып оқушыларының дайындаған «Желтоқсан оқиғасы» атты көріністерімен қорытындыланды. Жас ұрпақты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріне көңілін аудару арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік және оның тарихына араласу сезімінде тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік – тірегім»тақырыбында плакаттар байқауы өткізілді. Байқаудың міндеті - туған өлкеге деген сүйіспеншілікке, оның әсемдігі мен тарихына баулу арқылы патриоттық сезім қалыптастыру. Қазылар алқасына қарауға 24 сыныптың 20 жұмысы ұсынылды.
Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жұмыстарын қарап, келесі қатысушыларды дипломдармен марапаттады:
І орын – 6 «А» сыныбы
ІІ орын-7 «А» сыныбы
ІІІ орын – 7 «Б» сыныбы
Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жұмыстарын қарап, келесі қатысушыларды дипломдармен марапаттады:
І орын – 6 «А» сыныбы
ІІ орын-7 «А» сыныбы
ІІІ орын – 7 «Б» сыныбы