29
декабрь
2018
«Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!»
№1 жалпы білім беретін мектебінде 21-28 желтоқсан күндері мектепішілік «Жарқыра Қазақстан, Жарқыра Туған жер!» тақырыбында Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп АКТ залы жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті ойыншықтар, аяз-ата мен ақшақар суреті бейнеленген баннермен безендірілді. Шыршаға барлық сынып оқушылары түгелдей қатысты. Мектеп директоры Алтынбаева Айгерім Аханқызы, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Избасарова Гульзира Арынбаевна шырша мерекесіне келген барлық оқушылар мен ұстаздарды келе жатқан 2019 жыл, доңыз жылымен құттықтап жаңа жылдық шырша шамын жағып, мерекені ашып берді. Барлық сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салып флешмоб, қызықты ойындар, байқаулар өткізіліп Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты.