25
май
2022
«Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» Балалар жылына арналған соңғы қоңырау мерекесі
«Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» Балалар жылына арналған соңғы қоңырау мерекесі🔔🔔🔔🔔
🏬Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі мерекеге орай Мамыр айының мамыражай күнінде тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, «Түлек 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» Балалар жылына арналған соңғы қоңырау салтанатты мерекесі өткізілді. Мерекеге Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы - Алтынбаева Айгерім Аханқызы, «Аманат» партиясы Меркі ауданының филиалының атқарушы хатшысы – Шағатаева Кулаим Жексенбіқызы, «Сарымолдаев» ауылдық округының әкімі-Бабижанов Сабит Абулғазиевич және білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты.
🔔🔔Соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Бұл күн мектеп бітірушілер үшін де, ұстаздар мен ата-аналар үшін де қуанышты, салтанатты сәт. Егемен еліміздің ертеңі дені сау, рухы биік, білімді ұрпақтың қолында. Сіздер алдағы кезеңде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуды мақсат етіңіздер. Себебі, еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда! Алда үлкен сынақ тұр. Қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, қалаған жоғары оқу орнына түсіп, ұясынан ұшырған мектептің ғана емес ауданымыздың, еліміздің мақтанышы болыңыздар! - деді Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Айгерім Аханқызы өз сөзінде.
Іс-шара барысында оқушылардың қатысуымен 🥇🥈🥉🏆«Үздік оқушылар шеруі», "Үздік сынып жетекшілер", "Үздік жетекшілер" және «Аманат» кілтін тапсыру рәсімі өтті.Сондай-ақ мектеп-гимназия директоры Мадина Болатқызы оқу жылының табысты аяқталғанын айта келіп, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Салтанатта ата-аналар, ардагер ұстаздар, түлектер және алғашқы ұстаздар да сөз алып, жүрекжарды тілектерін арнады. Мамыр айының соңында жыл сайын келетін осынау бір жарқын мереке білім ордасын тағы бір айшықтағандай болды.

Теги:
123