10
март
2019
«Бопсалаудың алдын алу»
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы. Осыған байланысты мектеп инспекторы Ә.Зиятбек кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер органдарының қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілер мен Заңдармен таныстырса, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева видеоролик көрсетіп қылмыстан алшақ болуға шақырды.