10
март
2019
«Қызылша» инфекциясын алдын алу
2019 жылдың 25 қаңтар- 08 ақпан аралығында №1 ЖББМ оқушылары арасында сыныптар арасында «Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурулардың таралуы» тақырыбында сынып сағатын өткізсе, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Қызылша аурушылдығынан қалай сақтану керек?» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды, «Қызылша аурушылдығы және оның алдын алу» тақырыбында мектеп медбикесі Ж.Атикова сынып оқушыларына дәріс оқыды, «Қызылша ауруы» тақырыбында 6-7 сынып оқушылары диктант жазды. Бұл іс-шаралардан ата-аналар, қызылша ауруының балалар арасында, соның ішінде сақтанбаған балалар арасында жиі тіркелетін жұқпалы ауру екендігі, ауру дене қызуымен, әлсіздікпен жоғары тыныс жолдарының, көздің қабыну белгілері, дене және беттің шырышты қабаттарында бөртпелер пайда болуымен сипаталатындығынан хабардар болды. Қызылшамен ауырмаған адамдар және қызылшаға екпе алмағандардың өмір бойы кез келген жаста ауру мүмкіндігі өте жоғары болатындығы, ауру ауа тамшылары арқылы берілетіндігі, вирус сыртқы ортаға сөйлегенде түкірікпен, жөтелгенде, түшкіргенде берілетіндігі туралы ақпараттандырылды.