10
март
2019
«Инабатты ару - 2019»
Ұлттық құндылықтарымызды жастар арасында кеңінен насихаттай отырып, қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналылығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік-әдемілігі мен сұлулығын паш ету мақсатында аудандық «Инабатты ару- 2019» атты байқау болып өтті. Байқауға қатысатын үміткерлерге, жасы 15 жасқа толған, бойы 160 смден кем емес, сөйлеу мәнері мен өзіндік ойлау қабілеті қалыптасқан, өнері мен сымбаты жарасқан, көркіне білімі сай қыздар қатысады деген талаптар қойылды. Байқаудың бірінші кезеңі «Анадан тәлім алған қыз» деп аталып, қатысушы үміткер қыз ас әзірлеу сәтінен ұзақтығы 3 минут бейнеролик дайындау, үй тапсырмасы берілді. Бейнеролик күні бұрын өткізілді. №1 ЖББМ 9 сынып оқушысы Сұлтан Аяулым қатысып, әр кезеңнен сүрінбей өтіп «Ажарлы ару» номинациясын иеленді.