17
март
2019
Мектеп директорының азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауы
2019 жылдың 13 наурыз күні №1 жалпы білім беретін мектеп директорының міндетін атқарушысы Айбекова Жазира Укибайқызы азаматтардың жеке мәселесін тыңдау бойынша қабыдау жүргізді. Қабылдауға келген азаматтарды арнайы тіркеп, мектептің мәжіліс залында жеке қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар түрлі сұрақтармен қайырылды: көбінесе мектепке барар Омарходжаев көшесін жарықтандыру, жолды жөндеу, жаяу жүргіншілерге арнайы жол (тротуар) салыну, мектептің формасын қайдан, қалай алуға болатынын, мектепте қандай үйірмелерге қатысуға болатынын және кең де, жарық жылы да таза мектептің күрделі жөндеуден өткендігіне алғыстарын білдірді.