19
июнь
2019
«Ән –жеңістің серігі»
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Міне,осыдан бері 74 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай мектебімізде «Ән –жеңістің серігі» тақырыбында соғыс жылдарындағы әндерді орындау байқауы өткізілді. Мерекелік кеште шырқалған «Ана туралы баллада», «Кестелі орамал», «Тос мені, тос», «День Победы», «Катюша», «Соловьи», «Журавли», «Офицеры», «Темная ночь», «Песня ветеранов» атты әндер тыңдарман жүрегіне отқа оранған соғыс жылдарының жаңғырығын жеткізіп, қаһарлы замандардың ызғарын сезіндірді.