10
октябрь
2019
«Қыздарға әсемдік жарасады»
"Халықаралық қыздар күніне" орай мектебіміздің 6-7 сынып қыздары арасында «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында әңгімелесу алаңы өткізілді. Іс-шара барысында ДТІЖО А.Айтбаева аталған тақырыпта баяндама жасап, мектеп психологтары Н.Бекжанова, А.Толғанбай «Сезім және стрестен шығу жолдары» тақырыбын талқыға салып, оқушы қыздармен пікір алмасты. Жасөспірім қыздың физиологиялық өзгерістері, жеке гигиена қандай болу керектігі туралы мағлұмат берілді