13
ноябрь
2023
"Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» онкүндігінің ашылуы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық қауіпсіздікті сақтау, ұлттық мүдде құндылықтарын дарыту, білім алушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қоғамды жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары, террористік актілер кезінде іс-әрекет, ету шартымен таныстыру мақсатында Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» онкүндігінің ашылу іс-шарасы өткізілді. 9-10 "Жас қанат" сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшілері Г Маукебаева, Г.Кельгенбаева Қазақстандағы жалған діни ағымдар жұмысының ерекшеліктерін айтып, мысалға келтіре отырып, айтылатын ақпаратқа қырағы болудың және сын көзбен қараудың, ресми және беделді дереккөздерді пайдаланудың, үгітшілердің айла-амалдарына бой алдырмаудың қажеттігін түсіндірді. Білім алушылар қабырға газеттерін қорғап, өз Отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, сананы жаулайтын әртүрлі діни ағымдардан аулақ болуға шақырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Айтбаева онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті.
#Біртұтас_тәрбиеПоказать перевод