01
сентябрь
2024
«Мектебім- мейірім мекені»
Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Мектебім- мейірім мекені» атты «Білім күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Жиын «Алғашқы қоңырау»әнімен ашылып, жүргізушілердің құттықтауымен басталды. Әдемі әуенмен болашақта елінің атын әлемге танытар, ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз - 1 сынып білім алушыларын олардың сынып жетекшілерімен құрметпен ортаға шақырылды. Салтанатты жиынға келген қонақтармен таныстырды. Алғашқы құттықтау сөзінде мектеп-гимназиямыздың директоры – Бексултанова Мадина Болатқызы оқу-тәрбие саласындағы жетістіктерді баяндап, ұстаздар, ата-аналар мен білім алушыларды бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтады. М.Мерекеге арнайы келген Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы – Нәрікбаев Нұрсұлтан Бақытжанұлы,Меркі ауданы әдіскері –Метеркулова Сауле Абдибаевна, «Сарымолдаев » ауылдық округының әкімі- Бабижанов Сабит Абылгазыұлы
«Ардагерлер» кеңесінің төрағасы – Енсебеков Камидулла, ардагер ұстазымыз –Ахметханова Багила Туралиевна шәкірттер мен жиылған көпшілікті мекеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндірге сәттілік тілеп, оқушыларға білім биігін бағындыруларына тілектестігін білдірді 2 сынып білім алушылары 1 сынып бүлдіршіндеріне «Білім» кілтін сыйға тартып, жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу құрметіне ие болды.