13
июнь
2024
«Жолың болсын, Жас түлек!»
Асанбай асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Жолың болсын, Жас түлек!» атты аттестатты салтанатты тапсыру жиыны өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры Бексултанова Мадина Болатқызы және Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері - Метеркулова Сауле Әбдібайқызы 11 сынып түлектерінің алдағы өмірлеріне сәттілік тілеп, аттестаттарын табыстап, құттықтады. Сынып жетекшілері, ата-аналар сөз сөйлеп, балаларының қадамдарына ақ жол тіледі. Барлық қатысушы түлектерге аттестат тапсырылып, жиын соңында түлектер ата-аналары мен ұстаздарына арнап, шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Құрметті мектеп бітіруші түлектері! Еліміздің болашағы – сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!