21
октябрь
2025
«Ұстаз – білімнің шам-шырағы»* атты сыныптан тыс тәрбие сағаты





«Ұстаз – білімнің шам-шырағы»* атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты:
- Оқушыларға ұстаз еңбегінің қадір-қасиетін ұғындыру;
- Ұстаздарға деген сыйластық, құрмет, алғыс сезімдерін ояту;
- Білім мен тәрбие беруші ұстаздың рөлін бағалай білуге тәрбиелеу;
- Шығармашылық қабілеттерін (өлең айту, көрініс көрсету, би билеу) дамыту;
Тәрбие сағаты өтілу барысында Нұрсұлу Есмидинқызына сөз берілді. Оқушылар ән айтып, хор айтып, өлең шумақтарын жолдап, квартет "мектеп" әнін орындап, домбырамен күй тартып, қазақша "Оймақ" биін билеп ұсздарға деген құрметін өнер арқылы алғысын білдірді. Іс-шара соңында Музыка пәнінің мұғалімі мен 5"Б"сынып оқушысы Сабырбек Аруна екеуі "Ұстазым"әнін орындап, тәрбие сағатын жоғары деңгейде аяқтады.