20
февраль
2021
«Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» адалдық сағаты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспарына сәйкес, оқушыларды әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті. Биыл жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толды.
Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітіміменхалықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды. «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады. «Адалдық сағатында» ақын шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды. Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның шығармашылығы идеологиялық және саяси көріністерденада, нағыз лирикаға толы.
Ақынның шығармаларын зерттей отырып, оқушылар Отанды сүюге, қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренді