01
март
2021
«Рахмет, саған, туған ел!» концерттік бағдарлама
2016 жылғы 14 қаңтарда Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап, Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болып есептеледі. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Рахмет, саған, туған ел!» тақырыбында санитарлық режимді сақтай отырып концерттік бағдарлама өткізілді. Концертке арнайы әзірбайжан, түрік этномәдени орталығының мүшелері, мектеп ата-аналары шақырылды. Мектеп-гимназиясының директоры Мадина Болатқызы Бексултанова бүгінгі іс-шараның маңыздылығына тоқталып, қазақ еліне, көршілеріне, ата-аналарға, ұстаздарына ризашылығын білдірді. Мерекелік іс-шарада «Капельки» балалар вокал тобы, ән айтса, "Керім-ай" бишілер тобы "Қазақ", "Өзбек", "Түрік", "Әзірбайжан" билерін билесе, 3,4,5 сынып оқушылары алғыстарын жыр шумақтарымен жеткізді. "Ахыска" түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі, ата-ана С.Гулялиева қазақ тілінде тілегін білдіріп, алғысын жеткізді. Іс-шара соңында естелікке фотосуретке түсті.