11
апрель
2021
«Назар аудар, бағдаршам!»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылдың 25 наурыздағы №70 шығыс хаты негізінде №1 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тәрбие жоспарына сәйкес, мектеп жасындағы балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында «Назар аудар, бағдаршам!» атты жол қозғалысының жас инспекторлары бастауыш сынып буын оқушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар бүгінде адамзат өмірінің маңызды бөлшегіне айналған көліктердің жолда оқыс оқиғаларға тап болмауы үшін жол жүру ережелері ойлап табылғандығы, бұл тәртіпке жүргізуші мен жаяу жүргінші де бағынуы тиіс екендігін ескертіп,жол белгілері, жол қозғалысы ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жайында ақпарат берді.