"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің " Асанбай Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін тірек мектеп- гимназиясы (р.о) коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 03 ақпан мен 28 ақпан күндері аралығында қысқы оқу аралық сессиясы дәстүрлі форматта өз жұмысын бастады. N33, N34, N35 жалпы білім беретін орта мектебінен 59 білім алушы оқу сессиясының алғашқы онкүндігіне қамтылды. Жоспарлар жасалынып, пәндер бойынша кіру тесттері алынды. Мектеп психологтары психологиялық тренингтер жүргізу арқылы білім алушылар бойында жағымды ахуал қалыптастырды. Пән мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтары сыныптан тыс іс- шаралар өткізді. "Мұқағали мәңгілік ғұмыр" тақырыбында кеш ұйымдастырылып, білім алушылар өз өнерлерін ортаға салды. Ақын, сазгер, жыршы, термеші ұстаз Б. Шошабаевпен кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Барлық өткізілген іс - шаралар білім алушылардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды.