Жаңа оқу жылының басталуына ас блогының мен тамақтану залының дайындығы
№1 жалпы білім беретін мектебіндегі мектеп асханасының 2019-2020 жаңа оқу жылына ас блогының мен тамақтану залының дайындығы тексерілді. Қазақстан Республикасында ҚР санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат етілген материалдардан жасалынған технологиялық жабдықтар, құрал-саймандар, ыдыстар, еттерді, балықтарды, көкөністерді бөлшектейтін арнаулы пышақтер мен ағаштардың қатты түрлерінен жасалынған (қайыңнан,еменнен жəне т.б.) жарықшақ сызаттары жоқ, беті тегіс сүрілген бөлшектегіш тақтайлар бар, тағамдарды дайындауға жəне дайын тағамдарды сақтауға таттанбайтын болаттан жасалынған ыдыстар бар, ыдыстарды қолмен жуатын жағдайдағы екі секциялық ванналар қойылған, таза асханалық құралдарды сақтайтын жәшік-кассеталар, 2 тоңазытқыш жұмыс істеп тұр, тамақтану залында арнайы мазмұнды стендттер жаңаланып, ілінген, қол жуатын 4 раковина орналастырылған, қол кептіретін арнайы құрылғы істеп тұр, газ плиталарының жай-күйі тексеруден өткізілді. Сызаттары бар, деформацияланған, эмалі кеткен, жан-жағы қисайып майысқан ыдыстар анықталмады.
Мектеп аспазшысы Билібаева Құндыздың өзімен бірге барлық медициналық тексерулер мен зерттеулердің нəтижелері көрсетілген жəне гигиеналық оқытулардан өткендігі туралы белгілер соғылған медициналық кітапшасы бар және ол 2019 жылдың 15 қазан айына дейін жарамдылығы анықталды. Санитарлық киім жекелей бөлінген шкафтарда сақталынады.
Мектеп асханасында ас блогының мен тамақтану залы тамақтану ұсынуға дайын, қанағаттанарлық, дегенмен, кемшіліктер бар: ас блогындағы тақтайлар мен пышақтарға өңдейтін тағам түрлеріне қарай арнаулы белгілер "ШЕ" – шикі ет, "ШБ" –шикі балық, "ПЕ" – пісірілген ет, "ПБ" – пісірілген балық таңбалары қойылмаған, тамақтану залында үстелдердің целофан жапқыштар жаңалануды қажет етеді және үстелдер, орындықтар жетпейді.
Ұсыныс:
1. Ас болгындағы тақтайлар мен пышақтарға өңдейтін тағам түрлеріне қарай арнаулы белгілер қойылсын.
2. Тамақтану залында үстелдердің целофан жапқыштары жаңалансын.
3. Тамақтану залында жетпейтін үстелдер мен орындықтарға аудандық білім бөліміне сұраныс жіберілсін.