Мектебімізде кезекті маман иесімен кездесу кеші өтті
Мектебімізде кезекті маман иесімен кездесу кеші өтті
Ағымдағы жылдың 10 –желтоқсаны күні мектебімізде кезекті маман иесімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің түлегі Жамбыл облыстық «Білім шырағы» газетінің бас редакторы Райхан Бостанова шақырылды. Түлектеріміз оқушылармен ой бөлісіп, мектептегі қызықты оқиғаларын естеріне түсірді. Сонымен қатар өздері оқыған сыныптарын аралып көріп, мектепте отырған парталарына отырып сағыныштарын басты. Кездесу кешінің басты мақсаты – түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, әлеуметтік маңызы бар жобаларға тарту. Осы ретте мектеп- гиназиясының директоры Бексұлтанова Мадина Болатқызы игі шараның маңызына тоқталып, жетістікке жеткен әрбір түлек алтын ұя мектебімен тығыз байланыс орнатып, кейінгі жастармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау керектігін айтты. «Ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің үміті — сіздерсіздер. Елдің дамуы көп жағдайда сіздерге байланысты. Республика көлемінде жастарға арналған жобалар жүзеге асырылып келеді. Білімді, жан-жақты дамыған азаматқа қажетті рухани құндылықтарды бойларыңа сіңіріп, елдің дамуына, әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіне үлес қосар сіздерсіздер. Жастар үшін ең үлкен құндылық — білім. Уақытты тиімді пайдаланып, білім алыңыздар. Қазір білім мен ғылымның заманы. Біздің елде жастардың әлемнің ең мықты оқу орындарында білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Мысалы, басқа елдерде жоқ «Болашақ» бағдарламасы арқылы елімізде жыл сайын 3 мыңға жуық жастар білім алып келіп жатыр. Біздің мақсат — балабақшадан бастап болашақ ұрпағымыздың жақсы тәрбие алып, мықты біліммен қарулануына барынша жағдай жасау. Сондықтан заманауи білім мен ғылымды меңгеру керек. Екінші жағынан, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылғандай, халықаралық жағдай шиеленіскен аумалы-төкпелі заманда өз тамырымыздан ажырамай, құндылықтарымызды құрметтеп, ұлттың патриоты бола білу керек», — деді журналист мектеп түлегі Райхан Ильясқызы аталған жиында.
Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген.
Мамандықты дұрыс таңдау - табысты өмірдің кілті. Сондықтан сіздерге мамандық таңдау жолында адаспай, өмірден өз орындарыңызды тауып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңа шын жүректен тілектеспін.
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі болашақ. Сондықтан олардың бүгінгі мен келешегі бәрімізді де алаңдатары сөзсіз. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу – ұстаздар қауымының міндеті болса керек. Бұл ата – аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі кештегі ақыл – кеңес балаларымызға үлкен ой салып, болашақта қалар мамандықтарын қателеспей табуына көп түрткі болды ғой деп ойлаймын және қазіргі әлемдік жаһандану заманындағы қиын да күрделі кезеңде Қазақстан мемлекеті қандай ауқымды іс-шараларды қолға алуы қажет, келешекке арналған басты бағыттар мен белгіленген жоспарлардың мәні қандай? Ең бастысы, бүгінгі таңдағы маңызды әрі өзекті мәселе – жастар тәрбиесі, ғылым мен білім беру саласы талапқа сай ма?-деген сұрақтарға тұжырымды да тұшымды жауап беріп, кездесу кешін өз сөзімен қортындылады Райхан Ильясқызы.